ШҚО-да заңсыз есептен шығарылған үш жетім бала тұрғын үй кезегіне қайта қойылды

21 қыркүйек, 2026
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
ШҚО-да заңсыз есептен шығарылған үш жетім бала тұрғын үй кезегіне қайта қойылды
Фото: Magnific.соm

Риддер қаласында тұрғын үй алу кезегінде тұрған үш жетім баланың есептен заңсыз шығарылғаны анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Оларды кезектен шығаруға Риддер қаласында уақытша тұрмауы, сондай-ақ бастапқы есепке қоюды растайтын құжаттардың жоғалуы негіз болған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған тұлғалардың құқықтары қорғалды.

«Үш кәмелетке толмағанның барлығы бастапқы кезекке қойылған күні сақтала отырып, тұрғын үй кезегіне қайта қойылды», - делінген хабарламада.

Прокуратура азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының тұрғын үй құқықтарын қорғау жұмысын жалғастырып жатыр.