Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындады

23 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындады
Фото: akorda.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;

Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;

Мұхтар Тілдәбекұлы Ерман Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;

Әсел Болатқазықызы Жанәбілова Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;

Ләззат Кенесқызы Сүйіндік Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;

Шавхат Әнесұлы Өтемісов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Конституциялық Сот судьяларын тағайындады.