Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанды
Қазақстандық велошабандоз тасжолдағы велоспорттан топтық жарыста алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының көшбасшысы үшін Азия ойындарындағы алтыншы чемпиондық атақ болды.
Осылайша, Луценко жазғы Азия ойындарында жеңіп алған алтын медаль саны бойынша ұлттық құрама рекордын жаңартты.
Инчхон-2014 – жекелей жарыс
Джакарта-2018 – топтық жарыс
Джакарта-2018 – жекелей жарыс
Ханчжоу-2022 – топтық жарыс
Ханчжоу-2022 – жекелей жарыс
Аичи-Нагоя-2026 – жекелей жарыс
Аичи-Нагоя-2026 – топтық жарыс
Топтық жарыстағы жеңісінен кейін Луценко жазғы Азия ойындарында алты алтын медаль жеңіп алған Қазақстан тарихындағы алғашқы спортшы атанды.
Еске сала кетейік, Алексей Луценко Айти-Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының екінші алтын медалін жеңіп алған болатын.