Асланбек Шымбергенов мансабындағы ең жарқын жекпе-жегін атады

9 қараша, 2026
Қанат Байұзақов Қанат Байұзақов
Асланбек Шымбергенов мансабындағы ең жарқын жекпе-жегін атады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан әлем чемпионы, ұлттық құраманың бұрынғы капитаны, жақында ғана спорттағы мансабын аяқтаған Асланбек Шымбергенов өзінің ең есте қалған жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.

«2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалындағы жекпе-жекті мансабымдағы ең есте қаларлық сәт деп есептеймін. Себебі финалдық айқастан кейін, төреші шатасып, қарсыласымның қолын көтерді. Ал мен сол сәтте қапталдағы төрешінің «қызыл» деп айтқанын естідім. Сондай-ақ бұл менің алғаш рет әлем чемпионы атанған сәтім еді», – деді Асланбек Шымбергенов.

Айта кетейік, 33 жастағы Асланбек Шымбергенов әлем чемпионы, әскерилер арасында екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ жазғы Азия ойындарында екі мәрте жүлдегер атанып, WSB турнирінде «Astana Arlans» командасының сапында топ жарған.

Еске салсақ, Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионатында сенсация жасаған боксшы Әділбек Қожахан тілшімізге сұхбат берді.