2027 жылы Қазақстаннан қанша адам қажылық сапарға бара алады

Бүгін, 21:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
2027 жылы Қазақстаннан қанша адам қажылық сапарға бара алады
Фото: ҚМДБ

Сауд Арабиясы Корольдігі Қазақстанға 2027 жылғы қажылық маусымына 4300 орын бөлді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жөніндегі келісімге ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрі Тауфиқ бин Фаузан әр-Рабиға қол қойды. 

Тараптардың кездесуінде, сондай-ақ, қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық қызметтерін ұйымдастыру бойынша тараптардың міндеттері айқындалды.

Еске салайық, бұған дейін 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға 4 туркомпанияға рұқсат берілетіні туралы жаздық.