Отандық лоукостер Дубайға әуе рейсін қайта іске қосады

Бүгін, 17:08
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Отандық лоукостер Дубайға әуе рейсін қайта іске қосады
Фото: FlyArystan

Қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша тікелей рейстерді  21 қарашадан қайта бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері орындалады.

Ұшу кестесіне сәйкес, сейсенбі күндері Ақтаудан рейс сағат 05:15-те ұшып, Дубайға 09:50-де қонады. Дубайдан кері рейс сағат 10:55-те ұшып, Ақтауға 17:25-те жетеді. 

Сенбі күндері Ақтаудан ұшу уақыты – 07:20, Дубайға қону уақыты – 11:55, ал кері рейс Дубайдан 13:00-де ұшып, Ақтауға 19:30-да жетеді. Уақыт жергілікті уақытпен көрсетілген.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның әуе компаниясы Дубаймен әуе қатынасын қалпына келтіре бастағанын жаздық.