Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін тағайындады
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының сегіз мүшесі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Амангелді Сағындықұлы Есенов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Ғабиден Хасенұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Руслан Қасқырбекұлы Мелдебеков Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Нұрлан Амангелдіұлы Нұржанов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаев Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды;
Юлия Федоровна Энгель Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі лауазымына тағайындалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Конституциялық Сот судьялары мен Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындады.