Астанада 30 қыркүйекте қалалық велосипедтерді жалға беру маусымы ресми түрде аяқталады, деп хабарлайды Elordainfo.kz City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.
Барлық станциялардағы велосипедтер 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түні сағат 00:00-де бұғатталады. Осыдан кейін велосипедтерді жалға алу мүмкін болмайды.
«Абоненттік төлем келесі маусымға сақталмайды, тек теңгерімдегі қаражат келесі маусымға ауыстырылады.
Қаласаңыз, теңгерімде қалған қаражатты Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы CTS Орталық кассасынан қайтарып алуға болады», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, елордада 2 автобустың қозғалыс сызбасы өзгерді.