Ташкент қаласында өтіп жатқан самбодан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде Қазақстан әйелдер құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына екі күміс және екі қола медаль салды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Самбо федерациясына сілтеме жасап.
Спорттық самбодан қола медаль иегерлері:
54 кг — Гүлдана Әлмұханбетова
80 кг — Мадина Ержан
Жауынгерлік самбодан күміс медаль иегерлері:
50 кг — Жадыра Пайыз
72 кг — Аружан Әсемқамалқызы
Әлемдік аренада ел намысын қорғаған аруларымыз әр белдесуде қайсарлық, батылдық пен жоғары спорттық шеберлік танытты, - делінген федерация ақпаратында.
Еске салсақ, Геннадий Головкин Дакарда қазақстандық жас спортшылармен кездесті.