Мемлекет басшысы Польша Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

8 қараша, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Мемлекет басшысы Польша Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласындағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша Президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы аталған қастандықты қатаң айыптап, Польша халқына қиын сәтте қолдау білдіретінін, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.