Әлижан Аблағатов Азиадада ушудан алғашқы медальді жеңіп алды

Бүгін, 16:33
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Әлижан Аблағатов Азиадада ушудан алғашқы медальді жеңіп алды
Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҚР ҰОК

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушудан жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлижан Аблағатов финалға шығу жолында ирандық Мохаррами Пирагоммен кездесті. Жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Әлижан Аблағатов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұл – Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

Еске сала кетейік, бұған дейін семсерлесуші Артем Саркисян Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.