«Соңғы аялдама»: Астанада есірткінің зардабы сахнада көрсетілді

23 қыркүйек, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
«Соңғы аялдама»: Астанада есірткінің зардабы сахнада көрсетілді
Фото: Астана әкімдігі

Астанадағы «Жастар» театрында есірткінің адам өміріне тигізетін зардабын көрсететін «Соңғы аялдама» әлеуметтік драмасы сахналанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спектакль есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу және жастардың өз денсаулығы мен болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру мақсатында қойылған. 

Қойылымда кейіпкерлердің тағдыры арқылы дұрыс емес таңдаудың салдары көрсетіліп, адамның өз өміріне жауапкершілікпен қарауының маңызы жеткізілді.

«Соңғы аялдама» спектаклі жастар арасында түсіндіру жұмыстарының мәдени форматтағы бір көрінісі болды. Мамандардың айтуынша, әлеуметтік мәселелерді өнер арқылы жеткізу жастарға маңызды тақырыптарды жақын әрі түсінікті түрде түсіндіруге мүмкіндік береді.

Бұл бағыттағы жұмыстар Астана қаласының полициясы мен қалалық әкімдіктің Мәдениет басқармасының өзара іс-қимылы аясында жүргізіліп келеді. Бірлескен жобалар арқылы жастарға есірткіні қолданудың ықтимал салдары түсіндіріліп, қауіпсіз өмір салтын таңдауға шақырылады.

Ұйымдастырушылардың негізгі мақсаты – есірткінің адам өміріне тигізетін зардабына назар аударып, жастарды өз болашағына жауапкершілікпен қарауға үндей түсу.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Астанада есірткіге қарсы кешенді жұмыстар шеңберінде отбасылық және жастар командалары арасында зияткерлік Quiz ойыны өткен болатын.