Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды

19 қыркүйек, 2026
Жәнібек Амангелді Жәнібек Амангелді
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
Фото: Астана қаласы ТЖД

Астананың Байқоңыр ауданында Отырар көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде ашық тұрған газ плитасының конфоркасынан газ-ауа қоспасы тұтанып, соның салдарынан үйдегі заттар мен жиһаздар жанған, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына үш минут ішінде жетіп, баспалдақ арқылы пәтер иесін қауіпсіз жерге шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Медицина қызметкерлерінің тексеруінен кейін оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.

Өрт 2 шаршы метр аумақты шарпыған. 

Еске сала кетсек, Астана құтқарушылары өрт жолағында психологиялық дайындықтан өтті.