Референдум-2026

Қазгидромет: Демалыс күндері аптап ыстық болады

Қазгидромет: Демалыс күндері аптап ыстық болады
Фото: magnific.com

Ыстық әрі құрғақ ауа райы күтіледі. Синоптиктер ел аумағындағы 8–10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, ел аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. Соның әсерінен еліміздің басым бөлігінде ыстық әрі құрғақ ауа райы күтіледі.

«Барлық өңір тұрғындарын аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіп тұр. Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығысында ауа температурасы 35–39°С-қа дейін, оңтүстігінде 35–41°С-қа дейін, ал батысы мен орталығында 36–41°С-қа дейін көтеріліп, өте қатты ыстық болады», делінген хабарламада.

Кезеңнің соңына қарай еліміздің батысы мен солтүстік батысында солтүстік батыс циклоны және сонымен ілескен атмосфералық ағындардың ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың шығысында кезеңнің басында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында барлық күндері оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Еске сала кетсек, ТЖМ жабық көлік ішінде ауа температурасы бірнеше минутта қауіпті деңгейге дейін көтерілетіндіктен аз уақытқа да баланы салонда қалдырмау керектігін ескертті. 

Ал «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол жабынын бүлдірмеу үшін жазғы ыстық кезде ауыр жүк көліктерінің қозғалысы уақыт бойынша шектелетінін мәлімдеді.