Павлодар облысында жол апатынан бір айлық сәби қаза тапты
14 қараша, 2024
Фото: Павлодар облысының полиция департаменті
Павлодар облысының Ребров ауылы маңында «Атамекен – Русская Поляна» автожолында жол-көлік оқиғасы орын алып, нәресте қаза тапты. Тағы үш адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«LADA Granta және BMW маркалы көліктердің соқтығысуы салдарынан 2024 жылы туған қыз бала қаза тапты. 1996 жылы туған әйел мен 1996 және 1998 жылдары туған екі ер адам Павлодар №1 қалалық ауруханасына жеткізілді», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті тіркелді
1 тамыз, 2026
Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысына қатысты мәлімдеме жасады
30 шілде, 2026
Астанадағы жол апатынан көлік аударылып, жүргізуші ауруханаға жеткізілді - ВИДЕО
29 шілде, 2026
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді