«Балаларды қараусыз қалдырмаңыз»: Төтенше жағдайлар министрлігі үндеу жасады

Бүгін, 14:52
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Балаларды қараусыз қалдырмаңыз»: Төтенше жағдайлар министрлігі үндеу жасады
Фото: freepik.com

Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлау жағдайларына байланысты алаңдаушылық білдіреді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жылы мезгіл басталысымен құтқарушылар балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуде. Жыл сайын балаларды қараусыз қалдыру ауыр жарақаттар мен қайғылы жағдайларға себеп болып жатады.

Мамандардың айтуынша, кішкентай балалар қауіп-қатерді толық түсінбейді. Әсіресе масаға қарсы торлар қауіпті, өйткені олар баланы құлап кетуден қорғай алмайды.

Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

«Терезелерге арнайы бекіткіштер орнатыңыз, терезе маңына жиһаз қоймаңыз және балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Ішкі істер министрлігі тұрғындарды жалған айыппұл хабарламаларына сенбеуге шақырды.