Атырау әуежайында жолаушылар ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті

15 қаңтар, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Атырау әуежайында жолаушылар ұшағы ұшып-қону жолағынан шығып кетті
Фото: Оңалхан Өнерхан

FlyArystan әуекомпаниясы Атырау әуежайында орын алған авиациялық оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«14 қаңтарда Атырау әуежайында FlyArystan әуекомпаниясының әуе кемесі Алматы – Атырау бағыты бойынша FS7202 рейсінің қонуын сәтті аяқтады. Ұшу-қону жолағын босатқаннан кейін тұраққа қарай қозғалғанда төмен жылдамдықпен әуе кемелерінің жолағынан шығып кеткен.

Ұшақ бортындағы 166 жолаушы мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Әуекомпаниясы әуежай қызметтерімен және авиациялық уәкілетті мекемелермен белгіленген тәртіпке сәйкес тергеу жүргізу үшін оқиғаны зертеп жатыр.

Еске сала кетейік, Иранда әуе кеңістігі жабылып, Air Astana рейстердің бағытын өзгертті.