БҰҰ алаңында ҰҚШҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері кездесті

24 қыркүйек, 2026
Дәукен Тұрдашев Дәукен Тұрдашев
БҰҰ алаңында ҰҚШҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері кездесті
Фото: ҚР СІМ

БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, ҰҚШҰ мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.

ҚР СІМ мәліметінше, кездесу достық және сындарлы сипатта өтті. Тараптар ҰҚШҰ мен БҰҰ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін растады. 

Бұған дейін Қазақстан мен Ұлыбритания парламентаралық байланыстарды талқылағанын жаздық.