Тоқаев: Германия – Қазақстанның Еуропадағы басты стратегиялық серіктесі

29 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Тоқаев: Германия – Қазақстанның Еуропадағы басты стратегиялық серіктесі
Фото: Ақорда

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

- Мемлекет басшысы Германияға сапармен келуге шақырып, қонақжайлық көрсеткені үшін Франк-Вальтер Штайнмайерге алғыс айтты.

- Қазақстан Президенті Германия еліміздің Еуропадағы басты стратегиялық серіктесі саналатынына, ал екіжақты ынтымақтастық өзара сенімге, құрметке және ортақ мүддеге негізделгеніне назар аударды.

- Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы дипломатиялық қатынас орнағанына 35 жыл толатынын еске салды. Осынау кезеңде екі ел серіктестіктің барлық бағытында елеулі табысқа қол жеткізді.

Президент Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана мен Берлин арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

- Ол Қазақстан Президентінің бұл сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, мүлдем жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаевты Берлинде салтанатты түрде қарсы алды.