Азия ойындары: Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға өтті

30 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Азия ойындары: Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға өтті
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Дзюдодан ел құрамасының өкілдері Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Елдос Сметов 60 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында моңғолиялық Ариунболд Энхтайванмен белдесіп, қарсыласын иппонмен жеңді. 

Осылайша ол Азиаданың финалына шығу үшін бақ сынайды.

Ғұсман Қырғызбаев 66 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Бахрейн өкілі Сухроб Бокиевпен белдесті.

Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады. Қосымша уақытта Ғұсман Қырғызбаев "юко" ұпайын иеленіп, жеңіске жетті.

Осылайша Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға жолдама алды.

Еске салсақ, Боксшы Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.