Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары Мюнхенде жалғасады

30 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары Мюнхенде жалғасады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Үкіметі мен Ландтаг басшыларымен және бизнес-құрылым өкілдерімен кездеседі.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Германияның ЖОО ректорлары және институт жетекшілерімен кездесті.