Той кортежінде жол ережесін өрескел бұзған 3 жүргізуші он тәулікке қамалды – ВИДЕО

Бүгін, 09:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Той кортежінде жол ережесін өрескел бұзған 3 жүргізуші он тәулікке қамалды – ВИДЕО
Фото: видеодан скрин/polisia.kz

Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жазаланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz арнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбаны зерделеу барысында той кортежіне қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны және жолда авариялық жағдай туғызғаны белгілі болды.

Полиция құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық жүргізушіні анықтады.

«Негізгі үш құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар – Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі Айдос Ноғай, ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі Ринат Оңалбеков және Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Дамир Ихан. Үшеуі де Қарасай ауданының тұрғындары.

Сот шешімімен олардың әрқайсысына 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Полиция мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді. «Заң мен тәртіп» қағидасы толығымен қамтамасыз етіледі.

Еске сала кетейік, Астанада 400-ге жуық жол ережесін бұзған жүргізушілер анықталды.