Air Astana Астана-Бангкок бағыты бойынша билеттерді сата бастады

30 қыркүйек, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Air Astana Астана-Бангкок бағыты бойынша билеттерді сата бастады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Air Astana әуе компаниясы Астана-Бангкок-Астана халықаралық бағыты бойынша билеттерді сата бастағаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Тікелей тұрақты рейстер 2026 жылғы 11 желтоқсаннан бастап аптасына 2 рет – сейсенбі және жұма күндері қатынайды. Рейстер заманауи Airbus A321LR әуе кемесімен жүзеге асырылады.

«Сейсенбі күндері КС8111 рейсі Астанадан 21:25-те ұшып, Бангкокқа келесі күні сағат 07:10 жетеді, КС8112 қайтар рейсі 08:15-те ұшып, Астанаға 14:45-те оралады. Жұма күндері КС8111 рейсі Астанадан 21:05-те ұшады және Бангкокқа келесі күні сағат 06:55 ұшып барады, КС8111 қайтар рейсі 08:05-те ұшады және Астанаға 14:30-да ұшып келеді.

Бангкокқа ұшу ұзақтығы – 7 сағат 50 минут, қайтарда – 8 сағат 25 минут», - делінген компания хабарламасында.

Екі жаққа да авиабилеттің ең төменгі құны эконом-класта 244 616 теңгеден, бизнесте 969 496 теңгеден басталады.

Астана-Бангкок-Астана бағыты Алматы-Бангкок-Алматы күн сайынғы рейстерін толықтырады.

Билеттер әуе компанияның сайтында және қосымшасында, сондай-ақ аккредиттелген туристік агенттіктерде қолжетімді.

Еске сала кетейік, Қазақстанның әуе компаниясы 15-рет ТМД-ның үздік әуе компаниясы атанды.