Астананың «Сарыарқа» ауданында ер адамның «Қараөткел» көпірінің доғасына шығып, шамамен 30 метр биіктікте болғаны туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жедел жетті.
Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды пайдаланып, жедел әрекет ету барысында ер адамды биіктіктен қауіпсіз жерге түсірді. Ол құтқарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.