Астанада коммуналдық жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау ескертілді

Бүгін, 11:27
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада коммуналдық жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау ескертілді
Фото: Астана қаласы Полиция департаментінен

Астана қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы коммуналдық жұмыстарды жүргізу кезінде Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Басқарма мамандарының айтуынша, суару және жол тазалау машиналарының жүргізушілері маневр жасау кезінде сақтық танытып, техниканың габариттерін ескеріп, жол жүрісіне басқа қатысушыларға кедергі келтірмеуі тиіс.

Сонымен қатар, жұмыс жүргізілетін орындар алдын ала жол белгілерімен және қоршаулармен белгіленуі қажет. Коммуналдық қызметкерлер жарық шағылыстыратын арнайы киіммен қамтамасыз етілуі тиіс.

«Коммуналдық ұйымдардың басшылары қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылауды күшейтуі қажет.
Жол жүрісі қауіпсіздігі — әрбір қатысушының ортақ жауапкершілігі», - деп ескертті мамандар.