Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында теннистен жарыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Әйелдер арасындағы жекелей сында елордалық спортшы Юлия Путинцева жартылай финалда Қытай өкілі Чжан Шуаймен кездесіп, 4:6, 2:6 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Юлия Путинцева Азиада-2026-ның қола жүлдегері атанды.
Оқи отырыңыз: Елдос Сметов жазғы Азия ойындарында күміс медальға ие болды
Айта кетейік, Юлия Путинцева әйелдер арасындағы жекелей сында Азия ойындарында жүлде алған Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші атанды.