Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Отандасымыз 69 келіге дейінгі салмақтың финалында БАӘ өкілі Ахмед Андизбен жолығып, қарсыласына 2:0 есебімен жол берді.
Осылайша Нұржан Батырбеков Азиаданы күміс медальмен аяқтады. Бұл оның екінші медалі.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Ханчжоу-2022 ойындарында алтын алған еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық теннисші Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.