Елорда прокуратурасы заңсыз ойын бизнесінің жолын кесті

Бүгін, 10:25
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елорда прокуратурасы заңсыз ойын бизнесінің жолын кесті
Фото: pexels.com

Астана қаласының прокуратурасы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларды қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасына сілтеме жасап. 

Үкімдер шығарылғаннан кейін қылмыстық кірісті өндіріп алу туралы азаматтық талап қою бойынша жұмысы атқарылуда.

Сот шешімімен екі қылмыстық іс бойынша прокурордың талап қою талаптары толық қанағаттандырылды.

Нәтижелері бойынша Instagram және TikTok әлеуметтік желісіндегі екі құмар ойынды ұйымдастырушыдан заңсыз жолмен алынған 124,8 млн теңгеден астам ақша өндірілді.

Елорда прокуратурасы арнайы лицензиясыз интернетте құмар ойындар мен лотереяларды ұйымдастыру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын еске салады. Заңсыз ойын бизнесінен ақша табу әрекеттері (соның ішінде Instagram және TikTok) белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.