Бүгін, 1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні аталып өтуде. Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздегі зейнеткерлерге қатысты статистиканы жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, қазір Қазақстанда 2,4 миллионнан астам адам зейнетақы алады. Олардың 64% әйелдер, 36% ерлер. Ал, жасы 100-ден асқан 44 зейнеткер бар.
Қазақстандағы ең қарт зейнеткер – Шымкент қаласында тұратын 106 жастағы әйел.
Ал ерлер арасында ең үлкені – Алматының 104 жастағы тұрғыны Зулхарнай Сеитов. Ол – Ұлы Отан соғысының ардагері, ғалым, биология ғылымдарының докторы.
Еске салайық, бұған дейін Достық үйінде елордалық ардагерлерге құрмет көрсетілгені туралы жаздық.