Елордада бірнеше қиылыста көлік қозғалысына шектеу қойылады

Бүгін, 17:43
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елордада бірнеше қиылыста көлік қозғалысына шектеу қойылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада жол жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірнеше қиылыста көлік қозғалысы толық жабылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көлік қозғалысы келесі қиылыстарда шектеледі:

– 1 қазан сағат 23:00-ден 2 қазан сағат 07:00-ге дейін Р. Қошқарбаев және Б. Момышұлы даңғылдарының қиылысында:

– 2 қазан сағат 23:00-ден 3 қазан сағат 07:00-ге дейін Р. Қошқарбаев және М. Жұмабаев даңғылдарының қиылысында:

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жүру бағыттарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулері сұралады.

Еске салсақ, елордада 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымы 2 қазаннан басталады.