Түркістан облысында 5 млн теңге бопсалады деген күдікпен Сарыағаш ауданының 38 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам Шымкент қаласының тұрғынынан ар-намысына нұқсан келтіретін мәліметтерді таратамын деп қорқытып, қомақты қаражат талап еткен. Тінту барысында күдіктіден телефон мен 5 миллион теңге көлеміндегі ақша табылып, тәркіленді», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда өздерін ҰҚҚКБ қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар ұсталғаны туралы жаздық.