1 қазаннан бастап Астана және еліміздің бірқатар өңірлерінде кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Бұл ретте кезекші мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері өтініштерді сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды, ал дайын құжаттар сағат 20:00-ге дейін беріледі. Сенбі күні өтініштер сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, дайын құжаттар сағат 13:00-ге дейін беріледі.

