Енді кепілсіз онлайн-қарыздарды рәсімдеу кезінде сауалнама алынады

Бүгін, 21:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Енді кепілсіз онлайн-қарыздарды рәсімдеу кезінде сауалнама алынады
фото: Elordainfo.kz

Агенттік 2026 жылғы 1 қазаннан бастап тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздар ресімдеу кезінде қарыз алушы-жеке тұлғалардан сауалнама алудың енгізілгені туралы жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап. 

«Қарыз берудің алдында банктер мен микроқаржы ұйымдары азамат алаяқтардың әсерінен қарыз алып, содан кейін алынған ақшаны үшінші тұлғаларға аударатын алаяқтық қарыздың ресімделуіне жол бермеу үшін клиенттерге сауалнама жүргізеді», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұдан бұрын агенттік мобильді қосымшаларға шектеусіз рұқсат беру алаяқтық шабуылдарға жол ашатыны туралы ескертті.