Жеңілдетілген режіммен жұмыс істейтін бизнестің табысы 19% артты

Бүгін, 09:19
Думан Аманжол Думан Аманжол
Жеңілдетілген режіммен жұмыс істейтін бизнестің табысы 19% артты
Фото: magnific.com

Еліміздің мемлекеттік саясаты кәсіпкерлікті дамытуды көздейтін жайлы жағдайлар жасауға, әкімшілік жүктемені азайтуға және бизнесті жүргізудің түсінікті ережелерін бірізді түрде қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салық заңнамасын жетілдіру бұл бағытта қолға алынған жұмыстардың бірі. Биыл қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне еніп, бұған сәйкес арнайы салық режімдері оңтайландырылған болатын. Оның ішінде жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режімі ең сұранысқа ие тетіктердің біріне айналды.

Айталық, бұл тәртіпті қолданудың алғашқы нәтижелері кәсіпкерлердің қызметіндегі оң динамиканы байқатып отыр. Атап айтсақ, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша осы режімді қолданған бизнестің табысы 9,4 трлн теңгеге артқан. 

Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсім 18,9%, яғни 7,9 трлн теңгеге артып отыр.

Еске салсақ, елімізде ірі салық берешегі бар кәсіпкерлердің шетелге шығуына уақытша шектеу енгізілді.