Қазақстандық джитсер Сейілхан Болатбек Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.
77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде ол тағы бір қазақстандық спортшы Адлан Мадаевпен кездесті.
Белдесу 2:0 есебімен Сейілхан Болатбектің пайдасына аяқталды.
Осылайша, отандасымыз Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Еске сала кетейік, бұған дейін боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарының алтынын жеңіп алды.