Азиада-2026: астаналық теннисшілер Юлия Путинцева мен Анна Данилина қола жүлдегер атанды

Азиада-2026: астаналық теннисшілер Юлия Путинцева мен Анна Данилина қола жүлдегер атанды
Фото: ҰОК

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында елордалық теннисшілер Юлия Путинцева мен Анна Данилина әйелдер арасындағы жұптық сында қола жүлдеге ие болды , деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

Жартылай финалда Юлия Путинцева мен Анна Данилина финал жолдамасын Қытай Тайбэйінің өкілдері Эн Шуо Лянь және Су-Вэй Хсиемен сарапқа салды. Аса тартысты өтіп, тай-брейкке дейін созылған кездесуде қарсыластар басым түсті. Есеп – 6:7 (3:7), 6:7 (5:7).

Осылайша, қос елордалық спортшы XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұл – Қазақстан құрамасының теннистен осы Азиададағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Юлия Путинцева әйелдер арасындағы жекелей сында да қола медаль жеңіп алған болатын.

Бұған дейін Сейілхан Болатбек джиу-джитсудан Азия ойындарының қола жүлдегері атанғаны хабарланды.