Азия ойындары-2026: Эльмира Сыздықова финалға шықты

2 қазан, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Азия ойындары-2026: Эльмира Сыздықова финалға шықты
Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҰОК

Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында әйелдер күресінен 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Жартылай финалда отандасымыз Қытай өкілі Ли Вэньцзимен белдесті.

Тартысты өткен белдесу 9:8 есебімен Эльмира Сыздықованың пайдасына аяқталды.

Осылайша, қазақстандық балуан Азия ойындарының финалына шықты.

Еске салсақ, Рита Бакишева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.