Рита Бакишева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Бүгін, 08:44
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Рита Бакишева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Фото: Қазақстан таеквондо WT федерациясы

Қазақстан құрамасының өкілі Рита Бакишева Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында виртуалды таеквондодан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз жарысты 1/8 финалдан бастап, бұл кезеңде Иордания өкілі Мухаммад Аль-Адарбиді жеңді. Ширек финалда Үндістан спортшысы Кашиш Маликтен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды.

Финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Рита Филиппин өкілі Джус Габриэль Дерик Япемен кездесті. Қазақстандық спортшы 0:2 есебімен жеңіліп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, виртуалды таеквондо Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл спорт түрінде қатысушылар VR технологияларын пайдаланып сайысқа түседі. Спортшылардың қимыл-қозғалысын арнайы датчиктер тіркеп, виртуалды кеңістікке көшіреді. Ал қарсыластар арасында тікелей физикалық байланыс болмайды.

Бұған дейін Ажар Асхат дзюдодан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанғанын жаздық.