Әбиба Әбужақынова дзюдодан Азиаданың жартылай финалына шықты

Бүгін, 09:16
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Әбиба Әбужақынова дзюдодан Азиаданың жартылай финалына шықты
Фото: ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. 

Бұрымды балуанымыз ширек финалда үндістандық Асмита Деймен белдесті. Әбиба қарсыласын иппонмен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Оның жартылай финалдағы қарсыласы кейінірек анықталады.

Еске салайық, бұған дейін Меруерт Сәрсенова дзюдодан Азия ойындарын жеңіспен бастағаны туралы жаздық.