Елімізде астық тасымалы 13%-ға өсті - Жәнібек Тайжанов

29 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елімізде астық тасымалы 13%-ға өсті - Жәнібек Тайжанов
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз логистика мен тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жаңа астықты тасымалдауға қажетті вагондар мен локомотивтер дайын. Бүгінде 16,9 мың астық вагоны, 17,8 мың жабық вагон және 2 мыңнан астам локомотив бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көп. Қазіргі парк астықты толық көлемде тасымалдауға жеткілікті. Қажет болған жағдайда қосымша мүмкіндік те бар», - деді Жәнібек Тайжанов.

Вице-министрдің мәліметінше, биыл 8 айда теміржол арқылы 9,3 млн тонна астық тасымалданды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға артық. Оның ішінде экспортқа 7,2 млн тонна, ел ішінде 2,1 млн тонна тасымалданды.

Негізгі бағыттар бойынша өсім бар.

- Орталық Азия елдеріне тасымал 37%-ға,
- Қытайға 34%-ға,
- Ресей порттары арқылы тасымал 9%-ға,
- Ауғанстанға астық тасымалы 4,4 есе өсіп, 655 мың тоннаға жетті.

Еске салсақ, Қазақстанда астық жинау 83 пайызға аяқталды.