Header Banner

Қазтест сынағы қашан және қай қалаларда өтетіні белгілі болды

Бүгін, 19:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазтест сынағы қашан және қай қалаларда өтетіні белгілі болды
фото: Оңалхан Өнерхан

Ұлттық тестілеу орталығы кезекті Қазтест сынағы қашан және қай қалаларда өтетінін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресми хабарламаға сәйкес, емтихан 14 желтоқсанға жоспарланған. 

Өтініш қабылдау мерзімі: 2-12 желтоқсан. 

Қазтест сертификаттық тестілеуі келесі қалаларда өтеді: Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған, Түркістан, Тараз.

Тест тапсыру құны: 7121 теңге.

Еске салайық, Қазтест жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт блоктан тұрады:

Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);
Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут);
Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);
Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).
Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс.

Еске салайық, бұған дейін елімізде талапкерлерге ҚАЗТЕСТ балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру мүмкіндігі берілетіні туралы жаздық.