Қазақстанда соңғы 7 жылда 118 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Баспана құрылысының қарқыны соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz 24KZ-ке сілтеме жасап.
Мәселен, 2019 жылы 13,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 20,3 млн шаршы метрге дейін жеткен. Өсім – 7,2 млн шаршы метр немесе 55 пайыз.
Ал биылғы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 11,3 млн шаршы метр баспана бой көтерген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайызға жоғары.
Айта кетейін, Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында 2023-2029 жылдар аралығында 111 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті қойылған. Бүгінгі таңда бұл тапсырманың орындалу деңгейі 61,8%-ды құрайды.