Header Banner

7 жылда 36,3 мың км автомобиль жолы салынып, жөнделді

Бүгін, 19:12
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
7 жылда 36,3 мың км автомобиль жолы салынып, жөнделді
Фото: Оңалхан Өнерхан

2019–2025 жылдар аралығында барлығы 36,3 мың км автомобиль жолы салынып, қайта жаңғыртылды және жөнделді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Muztaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

2019–2025 жылдары автомобиль жолдарын салу және қайта жаңғырту жобалары аясында 5,2 мың км жолдағы жұмыстар аяқталды.

Олардың қатарында Орталық – Шығыс (Астана – Павлодар – Семей) көлік дәлізі, Бейнеу – Ақжігіт, Таскескен – Бақты, Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы, Қостанай – Денисовка, Үшарал – Достық, Қандыағаш – Мақат бағыттары, сондай-ақ 2024 жылы аяқталған Талдықорған – Өскемен, Қарағанды – Алматы, Ақтөбе – Қандыағаш, Атырау – Астрахань, Меркі – Бурылбайтал бағыттары бар.

Анықтама үшін: 2019 жылы – 641 км, 2020 жылы – 378 км, 2021 жылы – 198 км, 2022 жылы – 120 км, 2023 жылы – 856 км, 2024 жылы – 2 206 км, 2025 жылы – 778 км.

Құрылыс жобалары: Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы – 34 км (2020 жыл), Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір – 19,9 км (көпірдің ұзындығы – 1,3 км) (2024 жыл), Шамалған станциясының айналма жолы – 6 км (2024 жыл), Түркістан облысындағы тоннель – 840 м (2024 жыл).

2025 жылы аяқталған жобалар:

– Ұзынағаш – Отар – 42 км (2025 жыл).

– Қалбатау – Майқапшағай – 405 км (2025 жыл).

– Подстепное – Федоровка – 72 км (2025 жыл).

– Күрті – Қонаев – 67 км (2025 жыл).

– Қызылорда – Жезқазған – 192 км (2025 жыл).

2019–2025 жылдар аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы 9 мың км бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Анықтама үшін: 2019 жылы – 1,1 мың км, 2020 жылы – 1 мың км, 2021 жылы – 700 км, 2022 жылы – 1,1 мың км, 2023 жылы – 1,2 мың км, 2024 жылы – 1,5 мың км, 2025 жылы – 2,4 мың км.

Облыстық және аудандық маңызы бар жолдар

2019–2025 жылдар аралығында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы 22,1 мың кмбөлігінде құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталды.

Анықтама үшін: 2019 жылы – 2,4 мың км, 2020 жылы – 2,8 мың км, 2021 жылы – 2,6 мың км, 2022 жылы – 3 мың км, 2023 жылы – 3,6 мың км, 2024 жылы – 3,6 мың км, 2025 жылы – 4,1 мың км.