Алматыға «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» мәртебесі берілді
Алматы қаласына «ТМД-ның 2026 жылғы спорт астанасы» мәртебесін растайтын ресми сертификат табысталды. Салтанатты рәсім 27 қыркүйекте Республика алаңында 15-ші мерейтойлық Almaty Marathon аясында өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz уризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шараға Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ТМД Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Сейітімов, Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Дархан Нұрханұлы, сондай-ақ ТМД-ға мүше тоғыз мемлекеттің - Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.

«Алматыға бұл мәртебе бұған дейін берілген болатын. Тиісті шешімді ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесі 2024 жылғы 12 сәуірде қабылдады. 2025 жылы ТМД-ның спорт астанасы мәртебесін Әзербайжанның Гянджа қаласы иеленсе, 2026 жылы бұл мәртебе Қазақстанның ең ірі мегаполисіне өтті», - делінген хабарламада.
2026 жыл бойы осы мәртебе аясында Алматыда халықаралық және республикалық жарыстар, бұқаралық спорттық іс-шаралар мен түрлі жобалар өткізіліп келеді.

Сертификатты табыстау рәсімінен кейін қалада ТМД-ға мүше мемлекеттердің Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесінің отырысы өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды талқылады.
Айта кетейік, 2029 жылы Алматы X қысқы Азия ойындарын қабылдайды. Қала бұл құқыққа биыл ақпан айында Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесі арасындағы келісімге қол қойылғаннан кейін ресми түрде ие болды. Осылайша, Алматы 2011 жылғы қысқы Азиададан кейін 18 жыл өткен соң Азияның басты қысқы мультиспорттық додасын қайта қабылдамақ.
Еске салсақ, боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының финалына шықты.