Астанада заңсыз орнатылған 28 ойын-сауық аппараты жойылды
Елорданың «Сарыарқа» ауданында заңсыз орнатылған 28 ойын-сауық аппараты жойылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
«Сарыарқа» ауданында заңсыз орнатылған ойын-сауық аппараттарын анықтау және алып тастау жұмыстары жалғасуда. Мамандар аудан аумағын тұрақты түрде тексеріп, соққы күшін өлшейтін және басқа да ойын-сауық аппараттарының заңдылығын қарайды.
«Бұл нысандардың иелеріне оларды белгіленген мерзімде өз бетінше алып тастау туралы ескерту беріледі. Талап орындалмаған жағдайда аппараттар Кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері тарапынан алынады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, өткен аптада 28 аппарат орнатылған орындарынан алынды. Заңсыз орнатылған нысандарды анықтау және алып тастау жұмыстары жалғасуда.
Еске салсақ, Астанада «Ұстазыңды құттықта» челленджі басталды.