Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының финалына шықты

29 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының финалына шықты
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Отандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап жатыр.

«Айбек жартылай финалда үндістандық Нарендермен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті», - деп хабарлады ҰОК.

Айта кетейік, бокстан финалдық жекпе-жектер 2 қазанда өтеді. 

Еске салсақ, Арайлым Шегенова Азия ойындарында кураштан қола медаль жеңіп алды.