Қазақстан ИЫҰ Статистика комиссиясы Бюросы төрағасының орынбасары болып сайланды

Бүгін, 15:51
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстан ИЫҰ Статистика комиссиясы Бюросы төрағасының орынбасары болып сайланды
Фото: Ұлттық статистика бюросы

29-30 қыркүйек күндері Жидда қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымының Статистика жөніндегі комиссиясының 15-сессиясы барысында Комиссия Бюросының жаңа құрамы жарияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Бюро төрағасының орынбасары болып сайланды.

Қазақстанның Бюро төрағасының орынбасары лауазымына сайлануы еліміздің ресми статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесінің жоғары бағаланғанын және Комиссияға мүше мемлекеттердің Қазақстанға деген сенімін көрсетеді.