05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Stadler вагондары еліміздің солтүстігіндегі климаттық сынақтардан сәтті өтті

|
Photo: ҚТЖ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Stadler вагондары еліміздің солтүстігіндегі климаттық сынақтардан сәтті өтті

|
Photo: ҚТЖ

Астанадағы «Штадлер Қазақстан» ЖШС зауытында өндірілген жолаушылар вагондары еліміздің солтүстік өңірінде арнайы климаттық сынақтан өткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚТЖ-ға сілтеме жасап. 

Сынақ барысында жылыту жүйесінің тиімділігі мен ауа айналымының көрсеткіштері тексерілді. Нәтижесінде вагондар климаттық сынақтан сәтті өтіп, сырттағы ауа температурасы –10 °C және одан төмен болғанда да, купе ішіндегі ауа температурасы +22 °C деңгейінде тұрақты сақталды.

Жаңа Stadler вагондарының әр купесі жолаушылардың жеке жайлылығын қамтамасыз етуге арналған заманауи басқару панелімен жабдықталған. Бұл жүйе арқылы жолаушы температура мен жарықты өз қалауына қарай реттей алады, ал қажет болған жағдайда бір батырманы басып жолсерікті шақыра алады.

Вагондардың инженерлік шешімдері оларды –50 °C-тан +45 °C-қа дейінгі температура аралығында пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл үшін қосымша жылу оқшаулағыш материалдар қолданылып, қуатты жылыту және желдету жүйелері орнатылған, сондай-ақ дизельді қозғалтқыштарға арналған алдын ала жылыту құрылғылары қарастырылған.

Биыл қыркүйек айында Stadler жолаушылар вагондары Кеден одағының техникалық регламенті ТР ТС 001/2011 талаптарына сәйкес сертификаттаудан өте бастады. Бұған дейін вагондар елдің оңтүстік және шығыс өңірлерінде 10 000 шақырымнан астам сынақтық бағыттарды еңсеріп, тежеу жүйесінің, жүріс бөлігінің және негізгі қауіпсіздік элементтерінің сенімділігін дәлелдеді.

«Қазақстанда өндірілген алғашқы вагондар 2025 жылдың желтоқсан айында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға тапсырылады. Сонымен қатар, Stadler компаниясы жылжымалы құрамға 20 жылдық сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Жалпы келісім бойынша 2030 жылға дейін 557 вагон өндіру жоспарланған», - делінген хабарламада. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗