Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов пациенттерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, республикалық бюджет есебінен амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру жыл сайын артып отырды және 2020-2025 жылдары аралығында 48 пайызға ұлғайып, 115 млрд теңгеден 262 млрд теңгеге жетті.
"Осы жылдың 9 айында 3 млн пациент 219,7 млрд теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Халықты дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету және медициналық мекемелердің қоймаларын қормен дер уақытында толықтыру үшін Бірыңғай дистрибьютер 21 млрд теңге сомаға азаймайтын қор құрды", — деді ол Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Сонымен қатар ол амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне енгізілген өзгерістерге қатысты түсініктеме берді.
Амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне қатысты айтар болсам, қаржыландыру көзі ғана өзгеріске ұшырады. Бұл ретте созылмалық аурулардың бір бөлігі ТМККК-ден МӘМС-ке ауыстырылғанына қарамастан мемлекеттің барлық кепілдігі толықтай сақталады, қаржыландыру көлемі өзгермейді. Қант диабеті, құздама артриті, ДЦП және өзге де созылмалы аурулары бар науқастар қажетті дәрі-дәрмекті толық көлемде ала береді, — деді Тимур Мұратов.