Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

24 қыркүйек, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстандық ескекшілер Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды
Фото: Никита Басов

Қазақстандық ескекшілер Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая байдарка мен каноэде ескек есуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Отандастарымыз екілік-байдаркада 500 метрге ескек есуден ақтық сында 1:48.140 уақыт нәтижесін тіркеді.

Осылайша Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая күміс жүлдеге ие болды.

Қытайлықтар Юй Шимэн және Инь Мэнди бірінші орын алды - 1:45.010. Ал Арина Танатмишева мен Екатерина Шубина (Өзбекстан) қола жүлдеге ие болды - 1:49.585.

Еске салсақ, Әлижан Аблағатов Азиадада ушудан алғашқы медальді жеңіп алды.